Аида Балаева: Елордада «Журналистер аллеясын» ашу жоспарлануда

162

0

Нұр-Сұлтан қаласында интернетке тегін қосылу мүмкіндігі қарастырылған «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен елордамызда «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Тегін интернетке қосылу мүмкіндігін қарастыратын аллея тілшілер қауымының шығармашылығын шыңдайтын жер ғана емес, бас қаламыздың барша тұрғындары мен қонақтары үшін де ең сүйікті орынға айналады деп сенемін.

Аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріп, еске алу тақталарын орнатамыз. Сондықтан аллеяны ашу мерзімін көшет отырғызуға ең қолайлы кезең күз маусымына ауыстырдық», – деді А.Балаева.

Министрдің айтуынша, бұл бастама тағы бір бірегей жобаның аясында бас қосып, пікір алмасып, бірігіп игі іс атқаруға жол ашатын тамаша мүмкіндік болады.


inform.kz


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз