Айбол Ержанов жаңа қызметке тағайындалды

354

0

Фото: Сырдария ауданы

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев актив отырысында кадрлық өзгерістерді таныстырды. Сырдария ауданы әкімінің өкімімен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына Ержанов Айбол Төребекұлы тағайындалды.

Айбол Төребекұлы 1981 жылы Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2007 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Ақжарма ЖШС-нің жұмысшысы болып бастаған. Әр жылдары аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, Айдарлы ауылдық округінің әкімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2024 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін Тереңөзек кенті әкімі аппаратының «Қаржы және салық түсімдері» бөлімшесінің бас маманы лауазымын атқарып келді.

Берік Әбдіғаппарұлы бөлім басшысына өзінің кәсіби дайындығын, қызметтегі тәжірибесін және білімін пайдалана отырып, алда тұрған жауапкершілігі мол, үлкен міндеттерді атқарады деп сенім білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<