Айдос – Азия чемпионы

158

0

Алматы қаласында 13-17 сәуір аралығында грек-рим және еркін күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтуде.

Бүгін Қызылорда облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің грек-рим бөлімшесінің спортшысы Айдос Сұлтанғали 60 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанып, намысты қолдан бермеді.

Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысын 10:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда ирактық қарсыласын 7:2 есебімен, финалда ирандық спортшы Мехди Нижадты 8:4 есебімен ұтты.Айта кетейік, бұл Қазақстан командасының екінші алтыны.

Бұған дейін А.Сұлтанғали 2015 жылы жасөспірімдер, 2016 жылы жастар арасында Азия чемпионы, 2017 жылы жабық кешендегі Азия ойындарының және Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2018 жылы ересектер арасында Əлем чемпионатының қола жүлдегері, 2019 жылы Бүкіләлемдік әскерилер ойынының қола жүлдесін иеленген болатын.

Айдос Сұлтанғалиды жарысқа білікті бапкер Ғабиден Райымбек дайындады. Сонымен қатар ертең боз кілемге әйелдер күресінен Асылзат Сағымбай (53 келі) шықса, 17 сәуір күні еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) пен Ғалымжан Өсербаевтар (79 келі) өнер көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз