Аймақтың әлеуметтік бағдарлану мәселелері талқыланды

220

0

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Қызылорда облыстық Жол картасында «Әлеуметтік бағдарланған аймақ» тарауының «Білім саласын жаңарту» және «Жастарға арналған аймақ» бағыттары аясында 16 индикаторды іске асыру көзделген. Олардың ішіндегі 10 индикатор а.ж. 8 айы қорытындысымен орындалған. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының «Білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

Жиында облыстық партия филиалы жанындағы «Білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы а.ж. 8 айында Жол картасының аталған бағыты бойынша жүзеге асырылған жұмыстардың тармақтарына тоқталып өтті.

Жол картасының бұл бағыты бойынша жаңа оқу жылында «Саяхат» мөлтек ауданында 300 орындық, «Шұғыла» мөлтек ауданында 100 орындық мектептер іске қосылса, Қызылорда қаласында МЖӘ жобасымен 320 орындық жекеменшік балабақша, Ақсуат ауылында 1 мемлекеттік балабақша, Арал және Сырдария аудандарында 40 орындық жеке балабақшалар ашылған. Сондай-ақ 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуын 81%-ға дейін арттыру жоспарланған болса, қәзіргі таңда облыс бойынша 1-6 жастағы балалардың қамтылуы 82,4 % құрап отыр. Ағымдағы жылы орта арнаулы оқу орындарында мемлекеттік тапсырыспен білім алушы 12 553 студенттің 2 272 дуальды оқытумен қамтылып, көрсеткіш 20 пайызды құрауда. Бұл бағытта 2021 жылға жоспарланған индикатор толығымен орындалып отыр. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым түлектерін 2021 жылғы жоспарға сәйкес 66% жұмысқа орналастыру бойынша 2020 жылы оқу орындарын мемлекеттік тапсырыспен бітіруші 4065 студенттің 3549 жұмысқа орналасып көрсеткіш 87,3 пайыз болды.

Кеңес отырысында орындалған 10 индикатордан бөлек жыл соңына дейін орындалуға тиісті жұмыстар айқындалып, жоспарлар нақтыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<