Құрылтай

Жұмыс қарқыны жоспарға сәйкес

15

0

«Қайсар Арена» стадионында жасыл алаңнан бөлек бокс, спорттық гимнастика, таэквондо, ауыр атлетика және күрес түрлеріне арналған арнайы жаттығу залдары қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда грек-рим күресі мен таэквондо үйірмелері ашылып, спортшылар күнделікті жаттығуда. Алдағы қыркүйек айынан бокс және дзюдо секциялары да өз қызметін бастайды.

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев қаладағы бірқатар нысанды ара­ла­ғанда сол жағалаудағы бірегей стадионға барды.

Үйірмелер жұмысымен танысып, спортшы­лардың жаттығуына қажетті құрал-жабдықтардың сапасына, ма­териалдық-техникалық базасына назар аударды.

Бұдан кейін сол жағалауда бой көтерген жеті қабатты 84 пәтерлік алты тұрғын үйдің құрылыс алаңына барды. Құрылысына 12,5 млрд теңге бөлінген жобаның бас мердігерлері – «Дәнекер» және «Сәт Сервис» ЖШС, тұрғын үйдің аумағы – 35 898 шаршы метр. Жұмыс жоспарға сәйкес жүріп жатыр, тамыз айында аяқталып, ел игілігіне беру көзделген.

Келесі нысан – 2003 жылдан бері жиһаз өндірісінде табысты жұмыс істеп келе жатқан «Панабек» ЖШС. Кә­сіпорында жылына 20 мың жиһаз шығарылады. Бүгінде өндіріс үдерісі автоматтандырылып, цифрлық бас­қару жүйелері толық енгізілген. Өнді­рістің барлық кезеңін қамтитын цифр­лық бақылау жүйесі жұмыс іс­тейді. Ақауларды автоматты түрде анық­тайтын кешен дайын өнімнің сапасын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде өндіріс толықтай басқарылатын цифрлық ортаға көшкен.

Қазіргі уақытта мұнда жасалған кеңсе, ас үй, мектеп және өзге де жиһаз түрлері ішкі нарыққа бағытталған. Алдағы екі жылда өнімін Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорттау жос­парланып отыр.

Облыс әкімі кәсіпорынның цифр­лан­дыру бағытындағы бастамаларына оң бағасын берді.