Айыппұл арқалаған азамат

599

0

Фото: ашық дереккөз

2023 жылдың 24-шы ақпанында Сексеуіл станциясынан Қызылорда облысының 52 жастағы тұрғыны әкімшілік құқық бұзғаны үшін №77 «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызы бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін поездан түсірілген.

Ол жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде болған.

Аталған дерек бойынша Сексеуіл станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен құқық бұзған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішіп мас күйінде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжаттарды Арал аудандық сотына жолдаған.

Ағымдағы жылдың 24-ші ақпанында Қызылорда облысы Арал аудандық сотының шешімімен құқық бұзушыға қатысты 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Аружан ЕРАЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<