Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

472

0

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 13-15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бүкіл кезең бойы Қазақстан аумағының басым бөлігіне Солтүстік-батыс антициклоны әсер ететін болады, ол аязды ауа райына, негізінен жауын-шашынсыз ауа райына себепші болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклонның басып кіруі ауа температурасының төмендеуін ғана емес, жауын-шашын да әкеледі. Демалыс күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), сондай-ақ бұрқасын, желдің күшеюі, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі», делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<