Алдын алған ауырмайды

881

0

Лейшманиоз көптеген тропикалық аурулар сияқты адамды ауру маса шаққанда пайда болады. Сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар арқылы да тасымалданып, қан соратын жәндіктер адамды шаққанда жұғады.

Бұл ауру Оңтүстіктің тропикалық және субтропикалық елдерінде жиі кездеседі. Мысалы Америка, Африка, Жерорта теңізі және Орталық Азияда. Мұндағы негізгі эндемиялық аймақтар Өзбекстан мен Түрікменстанда орналасқан. Кейінгі жылдары Тәжікстанда да аурудың өршуі байқалады.

Лейшманиоздың висцеральды (көбінесе балаларда кездеседі), тері және шырышты-тері деген үш түрі бар. Оны жұқтырған тасымалдаушыны маса шаққан кезде лейшмания масаға түседі. Жәндік денесіне түскен паразит ортаңғы ішекте белсенді көбейе бастайды. Паразит жәндіктің ас қорыту жолын бітеп тастайды да, адамды шаққан кезде қан жұта алмайды. Сол себепті адам денесіне бойындағы лейшманияны жібереді. Ол адам ағзасына енгеннен кейін шырышты қабаттардың жасушаларына өтіп, теріге, ішкі ағзалардың эпителий қабығына әсер етеді. Жасуша ішінде паразит толығымен қауіпсіз, айналасында қорғаныш вакуоль түзеді. Жасушалардың энергетикалық ресурстарын сіңіріп, оларды сарқып, қалдықтарымен улану арқылы қоректене бастайды. Лейшмания көбейеді және біраз уақыттан кейін тасымалдаушы жасуша өліп, тіндерге таралуын жалғастыратын жаңа паразиттерді шығарады. Бұл жедел токсикалық-аллергиялық реакцияларға әкеледі.

Осы аурудың түріне байланысты лейшмания инфекциясының белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Ең көп кездесетініне теріде және шырышты қабаттардағы жазылуы қиын жаралардың пайда болуы жатады, олар біртіндеп өседі. Ең ауыр түрі – тері-шырышты лейшманиоз, ол уақытылы емделмесе барлық жұмсақ тіндерді жоюға қабілетті. Висцеральды лейшманиоз да қауіпті, ол барлық мүшелер жүйесінің жұмысына кедергі келтіреді.

Ауру маусымдық сипатқа ие. Көбінесе мамырдан қазанға дейін тіркеледі, жыныс, жас таңдамайды. Ошақтарда балалар жиі ауырады, өйткені зардап шеккен тері лейшманиозы тұрақты иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді. Маса шаққан орында конус тәрізді, көкшіл-қызыл түсті жара пайда болады. Әрі қарай ұлғайып, серозды-іріңді дөңгелек немесе сопақша жараға айналады. Тері лейшманиозының қалалық (антропонозды) түрі жылдың кез келген уақытында дамуы мүмкін, инкубациялық кезең 3-9 айға дейін созылады.

Лейшманиоз облыстық тері аурулар ауруханасында тегін емделеді. Өңірде бұл ауруды жұқтыру айтарлықтай көп болмаса да, дерматолог мамандар үшін өзекті мәселе болып отыр. Себебі, бұл біріншіден паразиттер арқылы жұғатын инфекция, екіншіден, ауруды өз бетінше емдеу кеш  диагностикалау кезінде қиындықтар тудырады.

Аурудың алдын алуды да назардан тыс қалдырмаңыз. Негізгі профилактикалық шара – қауіпті жәндіктер шағуының алдын алу. Терезелерді маса өтпейтін тормен қаптау, арнайы қорғаныш киімдерін кию қажет. Болжамды тасымалдаушылар адамдардан оқшаулануы, аурудың эпидемиологиясын бақылау, ірі елді мекендерде жаппай аурулардың алдын алуға назар аудару керек. Орналасқан жеріне байланысты үй жануарлары мен ауру тасымалдаушы малмен күресу де оң әсер етуі мүмкін. Қалалар мен тұрғын үй жертөлелері, кәріздердің тазалығы, қоқыс шығаруды ұйымдастыру, полигондарды үнемі шығару және санитарлық шараларды өткізу халық арасында сырқаттанушылықтың өсуінің төмендеуіне әсер етеді. Өлім-жітім науқастардың ауруханаларға бармауына және ауруды емдеу мүмкіндігі туралы білмеуіне байланысты. Сонымен қатар обаға қарсы күрес және облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен бірігіп, қоршаған ортаны залалсыздандыру мақсатында жұмыла жұмыстар жүргізу қажет. Осы факторлардың жиынтығы адамдар арасында лейшманиозбен ғана емес, сонымен қатар қауіпті және өзекті емес басқа да көптеген аурумен сырқаттанушылықты күрт төмендетуге мүмкіндік береді.

Д.ҚОЙШЫБАЕВА,

        ОТВД  бөлім меңгерушісі                                                                 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<