Алексей Цой балаларға вакцина салудың қашан басталатынын айтты

1353

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы балаларға екпе егу туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, елде балаларға салатын вакциналар жоқ.

– Біз балалардың екпе алуына мүмкіндік беруіміз керек. Әзірге нақты күнді атай алмаймыз. Бірақ қазірдің өзінде көптеген ата-аналар балаларына екпе егуді сұрайды, өкінішке орай, әзірге Қазақстанда мұндай вакциналар жоқ. Мүмкіндік болса, біз мұны қамтамасыз етеміз, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде.

Министр балаларға екпе салу ерікті түрде, ата-аналарын таңдау құқығымен болатынын баса айтты.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар Қазақстанда Pfizer-мен вакциналауды бастауға болатындығын айтқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<