Алматыда Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

563

0

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өткен салтанатты шара Алматы өңірлік гарнизоны біріккен оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстанның Мемлекеттік Туын шығарумен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Даңқ мемориалына жүздеген әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының өкілдері, Қарулы күштер мен жергілікті соғыстардың ардагерлері, курсанттар, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, қала тұрғындары жиналды.

Алматыда Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне наградалар табыс етті.

Әскери қызметшілердің, тәртіп сақшыларының және арнайы қызметтердің басты миссиясы – елде бейбітшілікті, тыныштықты сақтау, мемлекеттің егемендігі мен шекарамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінде Отан қорғаушылардың арқасында аспанымыз ашық, – деді әкімнің орынбасары.

Салтанатты жағдайда Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысовқа «Құрмет» ордені, Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының командирі подполковник Данияр Кармановқа «Айбын» ордені табысталды.

Алматыда Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Гауһар Сырлыбаева, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жоспарлау және үйлестіру бөлімінің бастығы подполковник Жаслан Далбаев, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының дирижері – оркестр жетекшісі аға лейтенант Әди Қабдрахманов алғыс хаттар алды.

Алматыда Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Содан кейін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары қару-жарақпен саптық жаттығулар орындады. Оларды ата-аналарымен бірге саябаққа келген жасөспірімдер қызығушылықпен қабылдады.

Алматыда Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды. Отан қорғаушыларға Іl canto вокалдық тобы, әртістер Жәмила Серкебаева, Бағлан Әбдірайымов, Толқын Забирова және т.б. өнерлерін сыйға тартты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<