Алматыға әуе рейсі қайта жанданды

486

0

Кешеден бастап «Алматы-Қызылорда-Алматы» бағытындағы әуе қатынасы қайта іске қосылды. Нақты кезеңде «Қорқыт-ата» әуежайынан Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларына әуе рейстері кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыс пен аудан орталығын қосатын барлық бағыттағы жолаушылар тасымалы мен қалаішілік автобустар уақытылы қызмет көрсетуде. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов хабарлады.

«Өңірдегі жолаушылар тасымалы қайта жанданып келеді. Облыс аумағындағы 205 елді мекен жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілді. Ал теміржол саласы бойынша 24 жүк пойызының барлық рейстері қайта қалпына келтіріліп, кестеге сәйкес жүргізілуде», – деді ол.

Айта кетейік, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты барлық жолаушылар тасымалы сақтық шараларымен қамтамасыз етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<