Алқа мәжілісі өтті

447

0

Облыстық ардагерлер кеңесінің алқа мәжілісіне ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері, салалық ардагерлер кеңесінің төрағалары және ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Жиынды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ашты.

Ол ұйымның облыстағы қоғамдық-саяси шараларға қатысуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, жастар тәрбиесі мен өзге де өзекті мәселелерді оңтайлы шешу жолында біршама жұмыстар ақтарылғанын жеткізді.

Сондай-ақ, аймақта ардагерлер қозғалысының жұмысын онан әрі жандандыру, әсіресе, бастауыш ұйымдардың жүйелік құрылымдарын жетілдіру жөніндегі пікірін ортаға салды.

Жиын барысында алқа мүшелері, қаржы саласының ардагерлері Қ.Әжібеков пен Д.Ысқақов, қоғам қайраткерлері Н.Мұсабаев пен Ш.Төребаев облыстың тыныс-тіршілігі туралы пікірлерін айтты.

Бұған қоса, салалық ардагерлер кеңестерін құру мәселесін, оның кемшін тұстарын жетілдіру керектігін жеткізіп, ұсыныс білдірді.

Соңында облыстық ардагерлер кеңесінің алқа мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.    

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<