Алты жасар бала адасып кетіпті

496

0

Бұл туралы қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңызды қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүрген полицейлер өзінің қызметінде қырағылық танытып және кәсіби деңгейлерінің жоғары екендігін сан мәрте дәлелдеген. Бұл қызметкерлерге тұрғындардан бірнеше рет алғыс хаттар келіп түсті. Соның бірі 26 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына немересінің жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғын арызданған. Оқиға барысы, 14:00 шамасында 6 жастағы бүлдіршін өзінің тұрғылықты мекен-жайынан қарама – қарсы дүкенге шығып кетіп, қайта оралмаған. Шамамен бір сағаттан кейін бүлдіршіннің үйге келмегенін білген туғандары дереу 102 арнасына хабарлама түсіреді. Аталған дерек бойынша, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары іздеу шараларын дереу ұйымдастырды. Жақын маңдағы барлық көшелерді, аулаларды мұқият аралап, жалғыз жүрген баланы көруі мүмкін деген куәгерлер мен жолаушылардан сұрастырды. Оған қоса бейнебақылау камераларын тексерді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел – іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бүлдіршін екі сағат ішінде қала аумағының көшелерінің бірінен табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды. Бүлдіршіннің анасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығының орынбасары полиция подполковнигі Салходжинова Сәуле және ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Өтеш Алиханға кішкентай ұлын іздеп, тауып бергені үшін алғысын айтты. «Сіздердің арқаларыңызда ұлым аман-есен табылды. Жедел әрекет еттіңіздер. Біз сонша іздеп, таба алмаған ұлымызды тауып бердіңіздер. Екі сағаттың ішінде ұлымды тапқанша сіздер маған көп қолдау көрсеттіңіздер, жұмыстарыңызға адал екендеріңізді байқап, іштей риза болдым. Сіздерге үлкен рақмет. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!, – деп атап өтті бүлдіршіннің анасы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<