Мұнан 164 жыл бұрын батыр әрі әулие Жанқожа Нұрмұхамедұлының басшылығымен Ресей патшасының озбыр саясатына қарсы шыққан халық көтерілісінің шешуші шайқасы Арықбалықта өткені көзіқарақтыларға жақсы мәлім. Тарихқа «Арықбалық шайқасы» атауымен енген сол қанды-қасап арада қаншама жыл өтсе де, ел жадынан өшкен жоқ. Ұрпақтан-ұрпаққа аңыздай тарап, аманат түрінде айтылып келеді, айтыла бермек.
Жақында Арықбалық ауылдық округінде өткен тағылымды шара бабалар аманатына ұрпақтар адалдығын тағы да дәлелдеді. Жанқожа баба бастаған сол көтерілісші батырлардың ұрпақтары бұл күні аталар ерлігіне тағзым жасады.
«Арықбалық шайқасы» құрбандарын еске алу шарасына қатысушылар алдымен ауыл орталығындағы монуметке гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар алдында ауылдық округ әкімі Мәулен Қайруллаев бабаларымыздың ерлігіне тоқталса, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қоспан Моряк, ауыл тұрғыны Мұратбек Балкеев шараның маңызы, тәрбиелік мәні жайлы әңгімеледі.
Мұнан соң ауылдағы «Сарқұл қожа» мешітінде «Арықбалық шайқасында» құрбан болған бабалардың рухына құран бағышталды.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
«Сыр бойы»
Қазалы ауданы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!