Анталия жағалауында 5,2 балдық жер сілкінісі болды

643

0

Анталия жағалауында 5,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы жергілікті уақытпен сағат 15:44-да Газипаша ауданының жағалауында тіркелген.

Еске салсақ, 30 қазанда Измир провинциясы Эгей теңізінің жағалауында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Табиғи апаттан 115 адам көз жұмды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<