Апат зардабын жоюшыларды еске алды

400

0

Чернобыль оқиғасы – кеңес дәуіріндегі ең қайғылы кезең. Мыңдаған адамның өмірін жалмап, миллиондаған тағдырды тәлкек етті. Әсіресе АЭС-тегі апатты ауыздықтау үшін аттанған сарбаздардың денсаулығына келген зиян лайықты бағасын алмай келеді.  Сондықтан жыл сайын қайғылы оқиғадан зардап шеккендерді еске алу шарасы тұрақты түрде өтуде. Биыл да сырбойылықтар аталған бағытта еске алу митингісін ұйымдастырып, құрбандарға құрмет білдірді.

«Тағзым» алаңында апат салдарын жоюға қатысқан азаматтарды еске алып, айтулы оқиға куәгерлері естелік айтты.

Жиынға қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов, қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов, қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабек Шахатов пен ардагерлер қатысты.

Шараға жиналған қауым ізгі қоғам, жарқын болашақ үшін жасампаз қадам жасап, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтардың рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алды. Құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ жиылғандар апатты залалсыздандыруға барған қызылордалықтардың ерлігі туралы естелік айтты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<