«Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының аймақтық кезеңі қорытындыланды
Апта барысында партияның облыстық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының аймақтық кезеңі өтті. Байқау биыл Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтті. Байқау 23-24 қаңтар аралығында өңірдің барлық қала, аудандарда ұйымдастырылып, сонда жеңімпаз болып танылған 20 бастауыш ұйым облыстық кезеңде бақ сынады.
Олардың жұмысын партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың жетекшілігімен құрылған арнайы байқау комиссиясы бағалады. Комиссия бастауыш ұйымдардың партиялық жобаларды іске асыруға қатысуы, партияішілік жұмыстардың орындалуы, партиялық жұмыста креативті әдістерді пайдалануы, атқарылған жұмыстарды насихаттау бағытында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы, сонымен бірге әрбір ұйымның жастармен жұмысын жан-жақты саралады.
Байқау қорытындысы бойынша І санатта 1 орынды партияның Сырдария аудандық филиалына қарасты «Жастар», 2 орынды партияның Шиелі аудандық филиалына қарасты «Мейірім» және 3 орынды партияның Қазалы аудандық филиалы жанындағы «Кәукей» бастауыш ұйымы жеңіп алса, ІІ санат бойынша 1 орын партияның Жалағаш аудандық филиалына қарасты «Аққұм», 2 орын Шиеліден «Атамекен», 3 орын Байқоңыр филиалы жанындағы «Космос» бастауыш ұйымы иеленді. Сонымен қатар, ІІІ санат бойынша 1 орынды партияның қалалық филиалына қарасты «Тұран», 2 орын Қармақшы ауданындағы «Қараөзек» және 3 орынды партияның Жалағаш аудандық филиалы жанындағы «Дарын» бастауыш ұйымдары жеңіп алды. Үздіктерге партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар сертификатын табыстады.
Алдағы уақытта әр санат бойынша жеңімпаз деп танылған 3 бастауыш ұйым, республикалық деңгейде аймақ намысын қорғайтын болады.
Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың қатысуымен партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Онда Сайлауалды бағдарламада өткен жылы орындалмаған шаралардың іске асырылуы, партия мүшелері – мемлекеттік орган басшыларының партия алаңында Қоғамдық қабылдау өткізуі, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау, ішкі партиялық тәртіпті нығайту мәселелері талқыланып, партияның Қызылорда қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2024 жылғы атқарған жұмысы қаралды.
Жиында облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Дастан Баймаханов, партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов, партияның қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясынң төрағасы Мейрамбек Есжанов хабарлама жасап, атқарылған жұмыстарды баяндады.
Полиция департаментінің материалдық-техникалық базасына зерделеу жұмыстары жүргізілді
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері полиция департаментіне облыстық бюджет есебінен берілген қызметтік автокөліктердің жай-күйіне, материалдық-техникалық базасына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында партияның 2023-2027 ж.ж. арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасындағы өңірдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысы да талқыланды.
«Amanat» партиясының мүшесі әкім болып сайланды
Жексенбі күні Жаңақорған ауданының Қандөз ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Ауыл әкімі лауазымына «AMANAT» партиясы да өз үміктерін ұсынған болатын. Дауыс беру нәтижелері бойынша сайлаушылардың басым дауысымен партия мүшесі Оразбеков Кеңес Жұмаханұлы Қандөз ауылдық округі әкімі болып сайланды.
«Amanat» партиясы жанындағы экологиялық кеңес отырысы өтті
Апта ішінде «AMANAT» партиясы жанындағы экология жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті.
Отырысқа ZOOM конференциясы арқылы партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес төрағасының орынбасары Светлана Қожамбердиева, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов қатысты.
Жиында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының 2024 жылдың қорытындысы бойынша іс-шаралардың орындалуы қаралып, алдағы міндеттер пысықталды.
Әдістемелік көмек көрсетілді
Апта барысында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың жетікшілімен жауапты бөлім басшыларынан жасақталған жұмысшы топ партияның қалалық филиалында болып, азаматтардың өтініштерін қарау, бастауыш ұйымдармен жұмыс, сайлауалды бағдарлама мен партиялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыс жоспарларымен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар ішкі партиялық жұмыстар барысында креативті әдістерді пайдалану бағытында пікір алмасты.
«Таза бейсенбі» акция аясында ҰОС ардагері атындағы көшеге тазалық жұмыстары жүргізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қолдау білдіріп, «AMANAT» партиясы әр апта сайын «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырып келеді. Бұл жұмыстар ластанған жерлерді тазартып қана қоймай, қоғамның қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру және тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылуда.
«Таза бейсенбі» акциясы бұл аптада Жалағаш ауданында өтіп, партия белсенділері, фракция мүшелері мен ауданға қарасты түрлі сала өкілдері кенттегі Ұлы Отан соғысы ардагері Аяған Боханов атындағы көшеге тазалық жұмыстарын жүргізіп, көше бойындағы қураған шөптерді шауып, қоқыстардан тазартты.
Іс-шараға 70-тен астам азамат қатысты.
Тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілді
Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Жорабек Ибрагимов, фракция мүшелері Мұхтар Ниязов пен Гүлшат Мұсаева қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың ұсыныс – пікірлерін тыңдады.
Қабылдауларда азаматтардан 12 өтініш түсіп, олардың 7 оң шешімін тапты. 5 азаматтың өтініші бойынша қолданыстағы заңнамалар аясында құқықтық кеңес берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<