Ақпараттық жүйелермен жұмыс жасауға байланысты семинар-кеңес өтті

538

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік органдарда іс-жүргізу, архив ісі, сонымен қатар «Е-Архив» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Оған аудандық архив филиалы басшысының міндеті атқарушы Гүлзат Мейрамбекқызы қатысып, аудандық дербес бөлімдердің, Тереңөзек кенті және ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты мамандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстары барысында «Мемлекеттік органдарда іс-жүргізу, архив ісі, сонымен қатар «Е-Архив» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелеріен жұмыс жасау тәсілдері талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

Семинар-кеңеске қатысушы жауапты қызметкерлерге аудан әкімі аппараты тарапынан іс-жүргізу, құжаттардың сақталуы, сонымен қатар «Е-Архив» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасауға талдаулар жүргізіліп, кемшіліктер анықталған жағдайда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тәртіптік жауапкершілігі қаралатындығы қатаң ескертілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<