АҚШ президенті жер сілкінісінен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті

557

0

Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен босқындар мен мигранттарға Федералды төтенше көмек қорынан 50 миллион доллар жіберу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы жұма күні Ақ үй таратқан меморандумда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ президенті «2023 жылғы ақпанда Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен босқын және мигрант болғандардың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, оның ішінде халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жарна мен басқа да көмек арқылы қордан 50 млн доллардан аспайтын көлемде көмек көрсету ұлттық мүдде үшін маңызды деп санайтынын» атап өтті.

7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында тоғыз сағаттық интервалмен болды.

Жер асты дүмпулері, содан кейінгі жүздеген афтершок республиканың 10 провинциясында және көрші елдерде, соның ішінде ең көп зардап шеккен Сирияда сезілді.

20 ақпанда Хатай провинциясында магнитудасы 6,4 және 5,8 болатын екі зілзала болды.

Түркияда құрбан болғандар саны 44 218 адамды құрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<