Арал маңында елсіз далада адасқан аңшы табылды

577

1

Арал ауданына қарасты Қаратерең елді мекенінің маңында теңізге құс атуға шыққан үш аңшының бірі жоғалып кеткен. Үшеудің екеуі – аралдық, біреуі – ақтөбелік. Жоғалған ақтөбелік 1974 жылы туған азамат 30 қазан күні теңіздің тартылған батпақты жерінен табылды.

– Аңшылар бір күн өздері іздеген. Одан нәтиже шықпаған соң 28 қазан күні аудандық ішкі істер бөліміне хабарласты. Бұл жұмысқа өрт сөндіру қызметі жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника, жергілікті полициядан 8 қызметкер, 2 техника, ал аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, басқа да аңшылар іздестіруге атсалысты. Қазір аңшының жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді, – деді ОТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимов.

Айта кетейік, жыл басынан бері департамент тарапынан 72 іздестіру құтқару жұмыстары жүргізілген. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,8 процентке көбейген. Сол себептен, төтеншеліктер азаматтардың аңға, балыққа шыққанда дайындалып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керегін ескертіп отыр.

«СБ» ақпарат.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз