«Арал-Сырдария» бассейнінде ауыр ахуал қалыптасқан – облыс әкімі

354

0

Фото: ашық дереккөз

Сырдария суының 90 пайыздан астамы республикадан тыс жерлерден келетіндіктен «Арал-Сырдария» бассейнінде ауыр ахуал қалыптасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қызылордада өткен көшпелі отырыс барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

Өңірдің басты су артериясы – Сырдария трансшекаралық өзені облыстың барлық аумағынан ағып өтеді. Оның бойында елді мекендердің 85%-ы орналасқан және облыс халқының 93-%-дан астамы өзен маңында тұрады. Облысымыздың табиғи ерекшелігіне, ауа райы мен топырақ құрамына бейімделген Сыр күріші аймақтың негізгі дақылы болып жылдар бойы қалыптасқан. Сыр өңірінің экономикалық және экологиялық жағдайы, халықтың тыныс-тіршілігі Сырдария өзенінің сулылығына және Арал теңізіне тікелей байланысты, – деді аймақ басшысы.

Біріншіден, Қызылорда облысы Сырдария өзенінің ең төменгі ағысында орналасқандықтан, жоғары ағыстағы мемлекеттер мен өңірлердің ұстанымына тәуелді.

Екіншіден, өңірде табиғи өсірілім егістік жерлер жоқ. Сондықтан көп қаржы жұмсалатын, инженерлік жүйеге келтірілген мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды ұстап тұруға мәжбүр.

Облыс әкімінің сөзінше жаңа «Су кодексінің» қабылдануы Сыр өңірінің экологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мол мүмкіндік бермек.

Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов, облыстық мәслихат депутаттары, ғылыми зерттеу институттарының өкілдері, су шаруашылығының ардагерлері, су шаруашылығы ұйымдары мен ауыл шаруашылығы құрылымдардың басшылары қатысты.

Қызықты ақпараттарды білу үшін біздің Facebook арнамызға жазылыңыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<