Аралда көшелерді жөндеу жұмыстары басталды

534

0

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан орталығындағы қайта жаңғыртудан өткізіліп жатқан Тәжі Палуан көшесіндегі жұмыстардың барысымен танысты.

Республикалық бюджет есебінен бастау алған қайта жаңғырту жұмыстары жергілікті «Арал жолдары» ЖШС арқылы жүзеге асырылуда. Жалпы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын Т.Палуан көшесін қайта жаңғырту барысында көшенің автожолы асфальтталып, жаяу жүргіншілер жолы төселіп, түнгі жарық шамдары орнатылатын болады. Күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты мекеме аталған жобаны биылғы жылдың қараша айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Жол салу жұмыстарының басында болған аудан басшысы тиісті сала басшысы мен жауапты мердігер мекемеге жолдың сапалы әрі белгіленген мерзіміне сәйкес іске асырылуын қатаң тапсырды. Сонымен қатар аталған жұмыстарды үнемі өз назарында ұстайтынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<