Аралдық шаруаларға көмек

677

0

Арал ауданындағы төрт түлік малды қысқы маусымға қажетті жем-шөппен қамту мақсатындағы шаралар жалғасуда.

Өңірде жарияланған төтенше жағдайға сәйкес Болат Өтемұратов қорынан бөлінген қаржыға қуаңшылық қиындығын еңсеру бағытындағы бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі мал азығы үшін пайдаланылатын бидай кебегі ауылдық елді мекендер мен Арал қаласы тұрғындарына тегін таратылып келеді.

Кеше аталған қор есебінен алынған бидай кебегінің бір бөлігі Арал ауданына жеткізілді. Мал азығы енді Жақсықылыш кенті мен Қамыстыбас ауылдық округіндегі мал ұстап отырған тұрмысы төмен отбасыларға жергілікті жердегі қоғамдастық кеңесінің шешімімен үлестірілетін болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<