Аралым – айдын шалқарым

967

0

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан әлем бойынша төртінші орында болды, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайа бастаған.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. 1970-1980 жылдар аралығында  Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның себептері біршама көп болды: антропогендік факторлар, екі өзен бойындағы суды мол қажет етітін күріш пен мақта өсіру ісінің қарқынды дамуығ, ауыл шаруашылығының басқа да  салаларының дамуы болды. Оның үстіне өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге аса бастады. Осындай антропогендік факторлардың әсерінен Арал өңірі экологиялық апатқа ұшырады.

Міне осылайша, Арал теңізінің экологиялық мәселелеріне қалың халықтың назарын аударту мақсатында 26 наурызкүні – Аралтеңізі күні болып атап өтіледі. Осы орайда, «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің қызметкерлері Қызылорда қаласына іс сапармен барып,  жоғарғы және орта білім ошақтарында «Аралым – айдын шалқарым» атты тақырыпта экологиялық кездесу сабақтарын өткізді. Сабақ барысында Аралдың экологиялық мәселелері, тарихы мен табиғаты, биоәркелкілігі туралы мағлұматтар беріліп, анықтамалық үнпарақ, буклеттер таратылды. Әлемнің назарынан тыс қалмаған Арал теңізі барлық адамзаттың жадында болуы тиіс,ғажайып су қоймасын сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. 

Ф.МЕҢДІБАЕВА,

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

ғылым бөлімінің қызметкері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<