Шиелі ауданы әкімі Нұржан Ахатов аудан ардагерлері және қоғамдық кеңес мүшелерімен жиі пікірлесіп, Шиеліні одан әрі өркендету барысында пікірлесіп тұрады. Жуырда осындай мәнді кездесу Ардагерлер үйінің ашық ауласында өткізілді.
Жиын барысында аудан әкімі қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша баяндап, алдағы кезек күттірмейтін шаруалар туралы ардагерлер пікіріне ден қойды. Түрлі ұсыныстар айтылды. Аудан басшысы тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Мәселен осы жолы Әл Фараби көшесіндегі жол белгілерін жаңалау және осы көшедегі (кіреберіс) көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, кенттегі Т.Рысқұлов 19 үйді (ескі білім бөлімінің ғимаратын) бұзып, орнына саябақ салу туралы айтылды. ортақ қорымды Алмалы елді мекені маңына ауыстыру және жаңа қорымның сызбасын сызып, үлгісін ұсыну, әнші-сазгер Шолпан Жанболатқызының шығармалары мен мұраларына зерттеу жасап, (негізгі мұралары Ташкент қаласында) кент орталығынан ескерткіш-белгі салу мәселелері сөз болды.
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Шиелі ауданы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<