«Аркан» құрылғысының құрығына түсті

618

0

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласындағы көшелерде барлығы 24 дана құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құрылғысы жұмыс істеп тұр. Құрылғының мақсаты – жол қауіпсіздігін сақтап, жол-көлік оқиғасын азайту.

Жыл басынан бері «Аркан» құрылғысы арқылы 32579 құқық бұзушылық анықталып, 339 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Оның 268 млн 932 мың 517 теңгесі өндірілген. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– «Көлік өзімдікі, көшеде де өзім білемін» дейтін жүргізушілер жол ережелерін жиі бұзады. Олар «Аркан» құрылғысына түсіп қалған. Араларында бір қателікті бірнеше рет жасағандары да бар. Жолаушылар мен тұрғындар қауіпсіздігі үшін облыстық ішкі істер департаменті заманауи құрылғыны көптеп орналастырмақ. Құрылғылардың тиімділігін ескере отырып алдағы уақытта олардың санын көбейтетін боламыз», – дейді мамандар.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<