«Арман» театрының алғашқы қойылымы

482

0

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қала әкімдігінің қолдауымен және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен ерекше жандарға арналған «Арман» инклюзивтік театрымен алғаш рет Талғат Телеубаевтың «Қолымнан ұста» атты пьесасы сахналанды.

​Қойылымның қорытындысында қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов өнер ұжымын алғашқы қойылыммен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстарға жете беруіне тілектестігін жеткізді.

Айта кету керек, биыл қаңтар айынан бастап А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан ерекше жандарға арналған «Арман» инклюзивтік театр үйірмесі құрылды. Үйірменің жұмысын үйлестіру мақсатында қалалық мәдениет және спорт бөліміне қарасты кәсіпорын арқылы арнайы штат бөлініп, бір маман жетекшілік етуде.

Қазіргі таңда, үйірмедегі оннан аса мүмкіндігі шектеулі жандарға өнердің қыр-сырын, сахнаға театрлық қойылымдарды қоюды ғана емес, эмоциялық мәдениет пен актерлік шеберлікті қалыптастыруды үйретуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<