«Аrtstar» суретшілер ұйымы ашылды

220

0

Студенттік өмір жарқын естеліктермен, қызықты сәттермен есте қалуы керек. Осы орайда, университеттің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Salem, DoStar» жастар ұйымдарын таныстыру шарасы өтті.

Қазіргі таңда жастардың өз идеяларын, шығармашылығын дамыту мақсатында университетте 21 жастар ұйымы жұмыс істейді. Басты міндет – жастардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытып, білім беру үрдісінің сапасын жоғарылату.

Санжар Қайратұлы, 1 курс студенті:
Бүгінгі шара маған ұнады. Ұйымдардың ішінде «Домбыра-Думанды» таңдадым. Себебі, өзімді белсенді студент ретінде көрсетіп, университеттің шараларына қатысып, өнерімді дамытқым келеді. Жігітке жеті өнерде аз демекші, қазір нағыз өзімізді шыңдайтын уақыт.

Інжу Әлібек, 1 курс студенті:
«Сырлы қалам» ұйымына қосылдым және қосылғаныма еш уақытта өкінбеймін. Өйткені өлең менің өмірімнің бір бөлшегі. Университетте дәл осындай шығармашылық ұйымы болғанына қуаныштымын.

Жаңа оқу жылында жастар ұйымдарының саны артып, биыл бұл қатарға суретшілер ұйымы қосылды. Жаңадан ашылған ұйымға алғашқы таныстырылымнан-ақ, 24 студент тіркелді. Алдағы уақытта терең білімді, мәдениетті, денсаулығы мықты жастарды тәрбиелеу жұмыстары жалғасын табады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<