«Артық болады»: Жазира Байырбекова екінші әйел алу мәселесіне қатысты ойын айтты

271

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова қоғамда қызу талқыланып жатқан екінші әйел алу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұған түбегейлі қарсы екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова елді қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Эстрада жұлдызы екінші әйел алу мәселесі мен отбасыдағы қол көтеру жағдайларына қатысты қандай ойда екенін айтты. «Үшінші адам әркез артық болады деп ойлаймын. Құптамаймын. Отбасылық өмірде ер адамдар үй шаруасына көмектесу қажет. Бірақ біздің Жәкең көмектеспейді. Баяғыда жігіттер сыртта жүрген, аң аулаған, соғысқа кеткен. Әйел адамдар үйде бала бағып отырған. Ал қазір әйелдер де, ер адамдар да жұмыс істейді. Сол себепті үй шаруасында көмектескенде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өз адамы ғой. Мықты ер адам әйел адамға күшін көрсетпейді», – деді Байырбекова Instagram желісінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<