АҚШ-Қытай: САУДА СОҒЫСЫ ӨРШИ ТҮСТІ

326

0

Бірнеше айдан бері АҚШ пен Қытайарасындағы сауда соғысы ақпарат кеңістігінің бас­ты тақырыбына айналды. Қосалып арасындағы экономикалық текетіресте кім басым түседі? Құрама Штаттардыңсауда тапшылығы шілде айында 50 миллиард долларды құрады. 

Бұлбылтырғы маусым айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 9,5 процентке артқан.Сарапшылардың айтуынша, бұл – 2015 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. «Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, экспорт деңгейі Қытайдың бірқатарамерикалық тауарға салық салуынан төмендеген. Бейжің де Вашингтон салғансалықтың зардабын тартып отыр. Ал Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ-тың саудатекетіресіне қатысты Қытаймен келісімге келуге дайын еместігін алға тартты.Айтуынша, Вашингтонға Бей­жіңнің ұсынған шарттары ұнамайды. Ақ­парат көздерініңмәліметінше, сау­да соғысынан қос тарап та қо­­мақты қаражат жоғалтады.Дүние­жүзілік банк жүргізген зерттеу көр­­сет­кендей, екі жақ та ұзаққасо­зыл­ған соғыстан ұтылады. Қаржы ұйы­мы­ның дерегі бойынша, Қытай мен АҚШ-тыңжыл сайынғы экспорт көлемі 40 миллиард долларға азайып отырады. Егер осылайжалғаса беретін болса, Бейжіңнің Вашингтонға экспорты 190 миллиард доллар, алҚұрама Штаттардың Аспан асты еліне экпорты 166 миллиард долларды құрауы мүмкін.

Сарапшыларқос державаның теке­тіресінен Қытай жеңіп шығады деп жатса, ал кейбір ақпаратқұ­ралдары Дональд Трамп ұстанған саясатты жақтайды. Дегенмен, са­рап­шылардыңбасым бөлігі бұл сау­да соғысынан екі мемлекет те ұтыла­тынын айтуда. Аламерикалық экс­порттаушылар тауарларын енді Қы­тайдан басқа елдергеэкспорт­таудың жолын қа­растырып жатқан сыңайлы.

Көпшіліккемәлім, Қытай жуырда АҚШ-тан әкелінетін соя бұр­шақтарына салық салған болатын.Осыдан кейін қытайлықтар соя бұр­шақтарын импорттаушы елді іздей бастады.Осылайша Құрама Штат­тарға бағытталған салықтың арқа­сында Бразилия өз өнімінҚытайға сатып, жаңа жұмыс орындарын аша бас­тады. Алыптардың сауда со­ғы­сыосылайша үшінші елдердің мүддесіне қызмет жасауда. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<