«Аshyq» жобасы басталды

820

0

Аймақта алғашқы 6 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасына тесттік режимде қосылды. Пандемия салдарынан енгізілген шектеулер бизнес өкілдеріне еркін жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отыр. Өткен жылдың наурызында жабылғаннан карантинге орай жұмысын бастай алмай отырған кәсіпкерліктің бір тармағы – компьютерлік клубтар.

Облыстың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында «Ashyq» жобасы бойынша компьютерлік клубтар мен боулингтерге жұмыс істеу мүмкіндігі берілген. Кә­сіп­керлік палатасының мамандары компьютерлік клуб иелеріне тесттік режимде жұмыс істеуді ұсынған еді. Кәсіпкер Жасұлан Абуов 15 адамды жұмыспен қамтып отырған нысан эпидахуалға байланысты жұмысын тоқ­татқалы шамамен 8 млн тең­гедей шығынға ұшыраған. Кәсіпкер жобаға қатысуға өтініш бергеннен кейін 2 күнде оң жауап алып, әрі қарай 2 күнде ғимаратты та­лапқа сай дайындаған.

Тесттік режимде жұмысын жан­­дан­дырған нысандар қа­­­та­рында компьютер­лік клуб­­тар­­­мен қатар бассейн, боу­­линг ор­талығы және кинотеатр бар.

«Ashyq» – қоғамдық орын­­дарда келушілерді тір­кеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай инте­грациялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы COVID-19-ды ба­қылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізін­де тағайындалады.

«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

«Сары» түс науқаспен байланыста болған адам­дарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанын­дағы дәріханаға баруға рұқ­сат еті­леді, бірақ басқа нысан­дарға баруға тыйым салынады.

«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

«Жасыл» түс – жүріп-тұру­ға толығымен рұқсат беріледі.

Qr-код бизнес субъекті­ле­ріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру де­ректерін көрсетумен электр­он­ды идентификатор­ды біл­діреді. 1 нысанға кіре­берісте және шыға берісте ең кемі 2 QR-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіре­беріске жеке   QR-код ілінеді.

Бүгінде осы тәжірибе Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданылуда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<