Астанаға 25 жыл: Мерейтойға тарту мол

790

0

Астана күні жыл сайын дәстүрлі түрде еліміздің әр түкпірінде дүркіретіп тойланады, бірақ биылғысы бұрынғыдан өзгеше. Себебі биыл еліміз үшін саяси мәні зор тарихи оқиғаның орын алғанына 25 жыл толды.

Осы мақсатта Астананың мерейтойлық туған күніне орай Сыр жастары керемет тарту жасады. Жастар аллеясында өнер ұжымдары мен талантты жастар ретро стильде Елорданы ән мен жырға қосып, жиналған жұртшылыққа керемет көңіл-күй сыйлады.

Бұл кешті көрген де, көрмеген де арманда. Ендеше, келбеті күн сайын айшықталып, аз уақытта әлем таныған шырайлы шаһарға айналған Астанамыздың туған күнімен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<