АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

956

0

Құрметті жерлестер!
Сіздерді мұсылман әлеміндегі ең қасиетті мейрамның бірі Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Құрбан айт күндері адам баласының бір-біріне құрметі мен ілтипаты, бауырмалдығы, өзара ынтымақ-бірлігі арта түседі.
Бұл жақындарға қамқорлық көрсетуді және мұқтаждарға жанашырлықты бейнелейтін мұсылман мерекелерінің маңыздысы.
Тәуелсіздік жылдарында еліміз әлемдегі жетекші мұсылман елдерімен достық қатынас орнатып, ислам әлемінде маңызды рольге ие болды.
Бүгінде ислам дінінің ізгілікті құндылықтарының арқасында елімізде берекелі бірліктің негізі қаланып, ынтымақтастық өзінің жарасымды жалғасын тауып келеді. Ұлтты ұйыстыратын осы ұлағаты мол дінді халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді. Біз осы асыл дінімізді одан әрі тереңдетіп, нығайта беруге тиіспіз.
Құрбан айт-қайырымдылық пен кеңпейілділіктің, береке-бірліктің бейнесі. Алланың разылығы, ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, қазан асылатын, мерекелік дастархан жайылып, ағайын-туысқа айттық беретін Құрбан айт мейрамы отбасыларыңызға ырысы мен берекесін ала келсін.
Еліміздің береке-бірлігін бекемдеп, халқымыздың ынтымағын арттыратын Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.
Құрметпен,
Арал ауданының әкімі   М.Ә.Оразбаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<