«Қауіпсіз еңбек» тақырыбында кеңес өтті

261

0

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторларымен «Қауіпсіз еңбек» тақырыбында «Қызылорда Су жүйесі» МКК, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің барлығы 200-ге жуық жұмыскерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, кәсіподақ бірлестігі өкілдерінің қатысуымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындардың басшылары, еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандармен, жұмыскерлердің өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жайы бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Басқарма басшысының орынбасары Т.Шалбаева семинарды ашып, республика бойынша және облыс аумағында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындарда орын алған жазатайым оқиғалар туралы хабарлама жасады.

Ал еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы А.Айтимов осы саладағы жұмыскерлердің басым көпшілігімен орын алатын жазатайым оқиғалар жұмыскерлермен кәріздік құдықтарда және кәріздік насос станцияларында жұмыс жүргізу барысында олардың ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілмеуі және оларды дұрыс қолданбауы себептерінен болатындығын атап көрсетіп, талдау нәтижелерімен таныстырды.

Кеңес барысында Облыстық кәсіподақ бірлестігінің өкілдері Облыстық үш жақты комиссия отырысына өндірістік жазатайым оқиғалар жиі орын алатын кәсіпорындардың басшыларын қатыстыра отырып, жазатайым оқиғалардың жиі қайталану себептеріне  талдау жасап, қарау  жөнінде ұсыныс жасады.

Семинарда мемлекеттік еңбек инспекторларымен «Қауіпсіз еңбек» тақырыбы бойынша ҚР Еңбек кодексі, ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің 29.12.2011ж. №539 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезіндегі еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы Ережелері» талаптары түсіндірілді.

Б.Тәңірбергенұлы, 

Қызылорда облысының еңбек 

саласындағы бақылау басқармасының 

бас маманы-

мемлекеттік еңбек инспекторы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<