Қауіптің алдын алу – азаматтық борыш

409

0

Қоғамда туындаған кез-келген мәселенің мемлекет дамуына, оның тұрақтылығына кері әсерін беретіні даусыз.Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе – терроризм. Қазіргі уақытта терроризм мен эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр.

Осы орайда діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, халықтың діни сауаттылығын, моральдық-адамгершілік тәрбиесін және отансүйгіштігін арттыру арқылы радикалдық идеологиядан шектеу бойынша кешенді шаралар жүзеге асуда.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалында экстремизм қауіптерін ескерту және алдын алу бойынша әр тоқсан сайын ауқымды шаралар жүргізіліп, қызметкерлердің әртүрлі діни сенімдерге төзімділігі мен бейбіт өмір сүру идеясына белсенділігін арттыру бағытында ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілуде. Филиалдың барлық қалалық, аудандық бөлімдерінде террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынамалар ілініп, жауапты қызметкерлер негізгі нұсқаулықтармен таныстырылды.

Айта кетейік, еліміздің қолданыстағы заңдары қазірдің өзінде заңсыз уағыз жүргізу, жасырын діни жиындар мен радикалды діни әдебиеттерді таратудың жолын кесуге барлық мүмкіндіктерді береді.

Сондықтан, терроризм актілерінің дайындалуы немесе радикалдық формадағы қимылдар туралы ақпаратты құзіретті органдарға дер кезінде хабарлау әрбір адамның азаматтық борышы.

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚР ақпарат және коммуникациялар Министрлігімен террористік қауіптілікке байланысты хабарламаларды қабылдау үшін біркелкі үш санды «110» қауырт желі іске қосылды.

Егер сіз терроризм актілерін дайындалып немесе жоспарланып жатқанының куәсі болсаңыз, күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда, күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз. Олар жөнінде құқық қорғау органдарына немесе Қазақстанның кез-келген нүктесінен «110» нөміріне шұғыл хабарласыңыз. Сіздің қоңырауыңыз аумақтық ерекшеліктері бойынша ҰҚК Департаментінің кезекшілік қызметіне түседі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы No 685 қаулысына сәкес терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган терроризм актісі туралы қылмыстық істердің күрделілігі бойынша – 750 немесе 1000 айлық есептік көрсеткіш(АЕК) көлемінде бір реттік сыйақы төлейді.

К.Бекмамбетов, 

«Азаматтарға арналған үкімет» 

мемлекеттік корпорациясының 

Қызылорда облысы бойынша филиалының 

Еңбекті қорғау және тиехника қауіпсіздігі инженері

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<