«Автобус» жедел-профилактикалық іс- шарасы басталды

592

0

           Облыс аумағында 20-22 қаңтар аралығында автомобиль жолдарындағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шара аясында көлік жолдарында ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарлануда. 


Қызылорда облысы Полиция департаментінің

 баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<