Автошырша: Қарағандылықтар мерекеде ерекше шыршаны тамашалады

599

0

Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысы Сұрыптау тұрғындары көліктерден жаңа жылдық сұлу ағашты жинады. Акцияны Instagram блогы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Импровизацияланған шыршаны жасауға 35 көлік қатысты. Олар шыршаның сұлбасын иммитациялап, шамдарын жақты. Автомобильдерден құралған жаңажылдық ағашқа аспаннан қарасаңыз, ерекше әсерге бөленесіз.

«Сұрыптау саябағында бірнеше жылдан бері шырша жоқ, сондықтан жұбайымыз екеуміз қызықты бір нәрсе ойлап табуды жөн көрдік. Дайындыққа бір күн кетті. Қажетті аумақты таңдадық, оны дронмен шолып шықтық, сонан соң болашақ шыршаның схемасын құрып, қажетті көліктер санын санап шықтық. Таныстарымызға қоңырау шалып, Instagram-да пост жаздық. Біз ешкімнен ақша сұрамадық, барлығы жеке жинақтан», – деді мерекені ұйымдастырушылар.

Олар шара барысында тек көліктер шыршасымен ғана шектеліп қойған жоқ. Бұл ерекше мереке болды. Акцияны Аяз ата, аниматорлар мен тамада еріктілері қолдады. Жазылушылар отшашу мен тәтті сыйлықтар сатып алды.

«Біз шыршаны үйден алып келдік, оны гирляндамен безендірдік. Бұл жақсы фото аймақ болды. Конкурстар, ойындар, ән мен би болды. Балалар жаңажылдық өлеңдер оқыды. Халық бұл шара туралы парақшамыздан естіді және бір-біріне айтып, біздің бастама туралы хабарлама көпшілікке тарап кетті. Шын жүректен адамдардың көңіл-күйін көтергіміз келді. Қолымыздан келді деп үміттенеміз», – дейді ұйымдастырушылар.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<