Ауа райы: Сәрсенбіде елімізде ыстық болады

148

0

Синоптиктердің болжауынша сәрсенбіде елімізде ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

30 маусымда жоғары қысым аймағының әсерінен республиканың басым бөлігінде аздаған бұлтты, ыстық ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысында атмосфералық аығндардың өтуіне байланысты найзағайлы өткінші жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ жауады.

Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін, күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-18 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысында аптап ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Қостанай облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болуы ықтимал.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі өте жоғары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз