Аудан әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

1241

0

Қармақшы ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиында аудан әкімі Мұса Қалдарбеков өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды баяндап, алда тұрған міндеттерді саралап өтті.

Мұнан соң аудандық мәслихат хатшысы Ә. Қошалақов жыл көлемінде жасаған жұмыстарына жан-жақты тоқталды.

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы К.Раева есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін беріп, қоғамдық кеңесте қозғалған және шешімін тапқан мәселелер жөнінде хабарлама жасады. Мәселен, ауданға кіре беріс шекарасына ауданның паспорты орналастырылып, газдандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды, абаттандыру, көркейту – көгалдандыру бағытында жұмыстар істелді. Сонымен бірге орта шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауылдық елді мекендер мен кенттерде 70 цех жұмысын бастады. Алдағы кезеңде де жұмыссыздықты азайту, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайту, басқа да мәселелерді кезең- кезеңмен шешу көзделген.

Қоғамдық кеңес отырысына қоғамдық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты.

Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының есептері негізінде өткен жылғы қызметтеріне оң баға беру туралы қарар қабылданды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<