Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

478

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Кеше аудан басшысы Аманжол Оңғарбаев бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне ұсыныс-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға жазылған азаматтар тұрғын үй қажеттігі, ономастика, тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде талаптарын жеткізді. Сонымен бірге көшеге асфальт төсеу, жарықтандыру мәселелерімен де жүгінді.

Алдымен тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтар өтінішіне сәйкес жауапты сала басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді.

Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша құзырлы мемлекеттік мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<