Аудан ардагерлерін қабылдады

338

0

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан ардагерлерімен кездесті.Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш топырағында талай-талай пернелі перзенттердің кіндігі кесілгенін айтып, бұл өлке мықты азаматтардан, талантты дарындардан кенде емес екенін жеткізді.

Сондай-ақ, 2023 жыл бүкіл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланған дара тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің осы Жалағаш өңірінен шыққандығының өзі аудан туралы көп нәрсені аңғартып тұрғанын айтты.

«1973 жылдың өзінде «Социалистік Еңбек ері» атағы Жалағаш ауданының азаматы Ұзақ Еспановқа берілген. Оны осы уақытқа дейін халық мақтанышпен айтып келеді.Бүгінгі күні біздің ауданнан екінші ЕҢБЕК ЕРІ шықты. Ұзақ Еспановтан кейінгі «Қазақстанның Еңбек ері» атағы жерлесіміз Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлына бұйырды.Ақорда төрінде Республика күніне арналған салтанатты шарада Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысы және Жалағаш ауданының құрметті азаматы, «Таң ЛТД» серіктестігінің директоры Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлына өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беріп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін табыстады.Сондай-ақ, жерлестеріміз техника ғылымдарының докторы, профессор Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы және Қызылорда облысының және Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы «Парасат» орденімен марапатталды.Сонымен қатар, күні кеше Қызылорда қаласында өткен салтанатты шарада Әлиев Садық Әлиұлы мен Сүлейменов Кенжеғара ағаларымыз «Құрмет Орденімен», облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы және «Таң ЛТД» серіктестігінің сушысы Үрмет Қазихан Шәдмаханұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Бұл Сыр өңірі оның ішінде Жалағаш ауданының халқы үшін зор мақтаныш деп есептеймін», – деді Ардақ Ибраимов.

Сонымен қатар, туған жерге үлгілі қызмет жасаған Исатай Әбдікәрімов, Қонысбек Қазантаев, Сейілбек Шаухаманов, Сәмит Далдабаев, Қожахмет Баймаханов және басқа да еңбек дарабоздары басқарған ауданға басшылық жасау үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік пен міндеттерді жүктейтінін жеткізді.

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Алиев ауданның барлық ардагері елдің дамуы үшін еңбек ететін басшыға халық үнемі тілекші болатынын айтты. Мұрағат саласының ардагері Төлеген Аштанбаева бір бақыты мен бағына барша қазақ елі қолдау көрсетіп, татулық пен бірлікте биік белестерді бағындыруға шақырды. Өз кезегінде бірқатар ардагерлер ұсыныс-пікірлерін айтып, аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың жұмысына сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<