Аудандық комиссия отырысы өтті

339

0

Аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Жалағаш ауданының жер қатынастары бөлімімен жер телімдерін беру мәселелері және жердің нысаналы мақсатына сай пайдалануына жүргізілген мониторинг жұмыстары және Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылған жұмыстар жөнінде хабарламалар жасалды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты аудан әкімі хабарламашыларға, кент, ауылдық округ әкімдеріне, тиісті бөлім, мекеме басшыларына профилактикалық жұмыстарды ай сайын өткізуді, әрбір мемлекеттік қызмет бойынша ішкі талдау жүргізуді, жер учаскелерін конкурс өткізу уақытында жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алуына жол бермеу бағытында тиісті жұмыстарды атқаруды, пайдаланылмай бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет қорына қайтару бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыруды, тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<