Ауру жұқтырғандардың 91 пайызы жазылды

446

0

Бүгінде Қызылорда облысы «сары аймақта». Өңірде індет жұқтырған 17247 адам тіркелсе, оның 91 пайызы жазылды. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова мәлім етті деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, коронавирус инфекциясын 3392 адам жұқтырса, биылғы 1 қаңтардан бүгінгі күнге дейін тіркелген науқас саны 13855-ті құрап отыр.

«Жыл басынан бері 1908 адам пневмониямен ауырып, сауығып шықты. Аурушаңдық шілде-тамыз айында көбейді. Ал қыркүйек айында төмендеп келеді. Кеше 64 науқас тіркелді. Сонымен қатар, инфекциялық төсек-орын саны – 1160, оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны – 135, бүгінге жүктеме 30% құрап отыр. Эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын санын 3200-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Құрылысы былтыр басталған модульдік стационар іске қосылды», – деді Б.Шәменова.

Оның мәліметінше, коронавирус инфекциясына қарсы күреске 2 айлық дәрі-дәрмек қоры, қажетті медициналық кадрлар мен құрал-жабдықтар жеткілікті. 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1500 сынама алынуда.

«Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 72,7%-і 1 компонентін (291 237 адам) алды, екінші компонентін салу кестеге сәйкес жүргізілуде. Халықтың 60,7 пайызы қамтылды. Облыс бойынша 106 егу кабинеті ашылған. «Ashyq» жобасы арқылы 3548 нысан жұмыс істеуде», – деді облыс әкімінің орынбасары.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<