Ауыл әкімдерінің сайлауы: Тұрғындардың 48 проценті дауыс берді

469

0

Қызылорда облысы бойынша 40 сайлау округінде сайлау бюллетеньдеріне енгізілген кандидаттар саны 122, саяси партиялар-47 кандидат, 75 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.


Облыс бойынша орташа бәсекелестік 3 адам. 6 округ бойынша – 2 кандидаттан, 28 округ бойынша – 3 кандидаттан, 5 округ бойынша 4 кандидаттан, 1 округте – 6 кандидаттан.


Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, сағат 13.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 17 614 – 48,8% құрап отыр.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 3831 – 47,8 % құрап отыр.
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1516 – 56,7%
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1142 – 33,5%.


Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 1733 – 48,2%.


Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 1337 – 47,6%
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 2290–54,2 %.


Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 5765 – 50,8 %.

  • Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ. Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестік және коммерциялық емес ұйымдардың,сенім білдірген адамдары мен байқаушылары – 313 адам байқау жүргізуде,-деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<