«Ауыл аманаты» тиімділігін көрсетті

310

0

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны өтті. Отырысқа бейнебайланыс арқылы  облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов, атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова және жауапты басқарма басшылары қатысты.

Жиын барысында депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2023 жылғы есебін тыңдады. Жоба өз тиімділігін көрсетуде. Бүгінде шамамен 80 млрд теңге жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын 12,7 мың шағын несие берілді.

Фракция мүшелері «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерімен танысты. Көрмеге біздің өңірден «Абай-Даулет» ЖШС, Шиелі ауданындағы «Барылбай и К» өндірістік кооперативінің өнімдері шығарылды.

Нақты ұсыныстар берілді

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша аймақтық кеңестің отырысы өтті. Онда кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен қоғам дертіне айналған лудомания, ойынқұмарлықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Жиында жауапты органдардың осы бағыттағы жұмыстары сараланып, нақты ұсыныстар берілді.

Әлеуметтік нысандарға мониторинг

Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Жанкелді Ысқақ пен Аида Әбибуллаева Жаңақорған ауданында болды.

«Аққұм» елді мекеніндегі №221 негізгі мектебінен бастап, Байкенже ауылдық округіндегі жаңадан салынып жатқан мектеп құрылысы, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектептің ахуалы және «Жаңарық», М.Нәлібаев, «Өзгент» ауылдық округтеріндегі балабақша мен білім ордаларының қазіргі жай-күйіне зерделеу жасады. Мақсат – орта және мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етудің сапасын көру.

Азаматтар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды

Облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтар «Ауыл аманаты» партиялық жобасы бойынша несие алу, әлеуметтік көмек, еңбек шарттарының орындалуы, жалақы көлемін арттыру және қызметкерлердің еңбек ету жағдайын жақсарту секілді мәселелерді көтеріп, тұшымды жауап алды. Қабылдау барысында 3 мәселе оң шешілсе, 6 өтініш бойынша заңнамалық кеңес берілді.

Алғыс айту күніне арналды

Алғыс айту күніне орай партияның аумақтық филиалдары, фракция мүшелері, бастауыш ұйымдар мен партия белсенділері, сондай-ақ «Жастар рухы» ЖҚ мүшелері әлеуметтік желілерде «Алғыс марафонын» ұйымдастырды. «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Тұрақтылық пен татулықты тұмар еткен Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі, «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында  ардагерлермен, еңбек адамдарымен кездсулер өтті. Сонымен қатар теміржолшы әйелдерге құрмет көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<