Ауыл балалары аймақта топ жарды

1111

0

Облыстық тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы футзалдан 9-11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңін ұйымдастырды. Тартысты өткен ала доп додасында Арал ауданына қарасты «Сексеуіл» кентінің №177 орта мектебі командасы І орынға лайық деп танылды. Жеті аудан және Қызылорда қаласының командалары қатысқан облыстық кезеңде аудан намысын қорғаған өрендер енді республикада өнер көрсетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, осыған дейін №177 орта мектептің жас футболшылары 2 жыл қатарынан финалға шығып, ақтық ойында есе жібергенмен 2-орын иеленіп оралған еді. Биыл үшінші жыл қатарынан тағы да финалда өнер көрсетіп, ешбір қарсыласына есе жібермеді.

Облыстан олжалы оралған оқушыларды мектеп ұжымы қуанышпен қарсы алып, жеңістерімен құттықтады. Жас аяқдопшыларды жарыс жолына дайындаған жетекшілері – Ержан Есжанов, Қанат Баешов, Дидар Асарбеков сынды дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің мерейі үстем. Өйткені еткен еңбек еш кетпеді. Алдағы республикалық кезеңде де жеңісімен құттықтаймыз деген сенімдеміз.

А.БИСЕНОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<