Ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

274

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіріп, толықтырулар енгізу – мәселелерді шешуде ерекше орны бар жұмыстардың бірі.

2023 жылы бірқатар заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар биыл жыл басынан бастап қолданысқа енгізілді.Осы және басқа салалардағы заңдылықтарды түсіндіру мақсатында Сырдария ауданы әкімдігінің бастамасымен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен арнайы мобильді топ құрылып, ауданға қарасты Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған, Іңкәрдария, Ақжарма елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын бастады.

Мобильді топ құрамында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Шайхиев, аудан прокуроры А.Кемалов және салық, құқық қорғау, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер, кәсіпкерлік, білім, денсаулық сақтау саласының мамандары тұрғындарды толғандырып жүрген және бүгінгі таңда өзекті деген мәселелер жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі мен мобильді аударымдарға қатысты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жер қатынастары және кәсіпкерлік саласы, қызылшаға қарсы екпе және әкімшілік айыппұлдар төңірегінде түсіндірмелер жүргізді.

Тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарды сала мамандарына жеке қабылдауда қойып, тұщымды жауаптар алды.Осы бағыттағы түсіндірме жұмыстары ауданға қарасты басқа елді мекендерде және аудан орталығы кентте жүргізілетін болады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<