Ауылды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

167

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев А.Тоқмағамбетов ауылындағы кварталішілік газ тарату желілері құрылысының жұмыстарымен танысты.

Аудан орталығына жақын орналасқан А.Тоқмағамбетов елді мекенін газдандыруға өткен жылдың аяғында облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, жұмыстар бастау алған болатын. Биыл облыстық және республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аудан басшысына мердігер мекеме – «АЭS and Limited» ЖШС-нің өкілі атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Бүгінде жобада қаралған 22,8 шақырым газ құбырының 16,8 шақырымы жүргізілген. Бұл жұмыстарды атқаруға 2 бригада жұмылдырылған. Берік Әбдіғаппарұлы елді мекенді газдандыру маңызды екенін, тұрғындар асыға күтіп отырғанын атап, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін ескертті. Тиісті сала басшыларына күнделікті бақылауда ұстап, құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, мерзімінде аяқтау жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<