Ауыр жүк көліктер жолдың жауы

718

0

Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, «БатысЕуропа-БатысҚытай» халықаралық автодәлізінерейдтік тексеру жүргізді. Негізгі мақсат шамадан тыс жүк артып, тақтайдай тегіс жолды бұзатын көліктерді анықтау.

Жасыратыны жоқ, күре жолдың басты жауы ауыр жүк көліктері. Бүгінде облыстың оңтүстік аудандарынан қиыршық тас тасымалдайтын 200-ден аса «КАМАЗ» автокөлігі бар. Жүргізушілер көбіне нормативтік заңнамада белгіленген салмақты сақтай бермейді. Мол пайдаға кенелу үшін тасты асыра тиеп алып, сатуға асығады. Міне, осындай немқұрайлы көзқарастан жолдың сапасы бұзылып, ойдым-ойдым шұқырлар пайда болады. Рейд барысында, мамандар көлік жүргізушілеріне осы мәселені түсіндіріп, талапқа бағынуды сұрады. Десе де, заң бұзушылық әрекеттер жиі кездеседі. Жыл басынан бері 1240 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, 42 миллион теңге айыппұл салынған. Мамандардың айтуынша, асфальт бетіндегі олқылықтар жылдан жылға көбейіп барады.

       – Самара-Шымкент республикалық автомобиль жолдарының ауыр салмақты автокөліктерінің шамадан тыс жүк тасымалдауы салдарынан жолжамылғысының отыруы, жол табан іздерінің пайда болуы соңғы уақыттар да байқалып жүр. Жол автивтері ұлттық сапа орталығы жылжымалы зертхана аспаптарымен тексерілу барысында жол табан іздерінің 20мм-ден 50мм-ге дейін тереңдігі асатын табан іздері анықталды. Қазіргі таңда осы ақаулар жөнінде осы жолға жауапты Қазақавтодо мекемесіне хат жолданып қауіпті жолдарды уақыты жөндеп, жою үшін хат жолдануда, – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда филиалының инженері Мадияр Наркешбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<