Ауызсумен қамту – 98,9%

1100

0

Нақты кезеңде облыс халқының 98,9 проценті орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Аймақта 234 елді мекен бар. Сол елді мекендердің 85 проценті «Арал-Сарыбұлақ», «Октябрь», «Жиделі» топтық су құбырлары және ішкі су тарату жүйесі бар скважиналар арқылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Айта кетейік, 10 мыңға жуық халық 35 ауылдық скважина мен құдықтан су ішіп отыр.

Биыл Қазалы ауданы Жанқожа ба­тыр, Майдакөл елді мекенінде сер­вистік су желісі, Қармақшы ауданы Төретам кентінде су жүйесінің құ­рылысы, Бай­қоңыр қаласының кәріз жүйесін жа­ңарту, Жаңақорғандағы Төменарық, Сунақ ата, Екпінді ауыл­дарының су жүйесін жаңарту және кеңейту жұ­мыстары басталады.

– Арал ауданындағы Абай, Тоқабай және Ақбасты ауылдарын «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырына қосу жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Жобаның қаражаты ауқымды болғандықтан құ­рылысы кезең-кезеңмен іске асады. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданының 27 ауылын ауызсумен толық қам­та­масыз ету үшін 2019 жылдың со­ңында «Сырдария» топтық су құбыры іске қосылды. Ал «Талап» топтық су құбырының құрылысы биыл аяқ­талады деп жоспарланып отыр, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас­қармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

Қызылорда қаласының тұрғын­дарын ауызсумен Қызылжарма және Қызылорда жерасты су кені арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда тәулігіне 77-79 мың текше метр ауызсу 74 ұңғыма арқылы өндірілуде. Жаз мезгілінде бұл көрсеткіш 95-100 мың текше метрге дейін ұлғаяды.

– Мекемелердің пайдаланған суын қашықтан бақылайтын бағдарламамен жұмыс жасап жатырмыз. «Атлас» деп аталатын жоба мемлекеттік ме­кемелерге орнатылды. Бұл жүйені заңды тұлғаларға орнату үшін ли­цензиясы бар мекемелермен келіс­сөздер жүргізудеміз, – деді «Қызыл­орда су жүйесі» МКК басшысы Марат Жәмиев.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<